Коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережесі

Солтүстiк Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 15 шiлдедегi №179
қаулысымен бекiтiлдi

«Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң Ережесi

1. Жалпы ережелер

1. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн және аудандық бюджет есебiнен ұсталатын, мемлекеттiк басқару функцияларын орындайтын уәкiлеттi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң ведомствоға қарасты мекемесi бар:

Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкiмдiгi Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты «Булаев қалалық су шаруашылығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорын.

3. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасы заңдары мен Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiмет актiлерiн, басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiн, және де осы Ереженi басшылыққа алумен жүзеге асырады.

4. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоты бар, бекiтiлген түрде бланкiлерi мен мемлекеттiк тiлде өз атауы көрсетiлген, мөртабаны мен мөрi бар, мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық түрiндегi заңды тұлғасы болып табылады.

5. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға шыға алады.

6. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға тараптар ретiнде қатысуға құқығы бар, егер де ол заңнамаға сәйкес болса.

7. Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласының әкiмi белгiленген заңнамалық тәртiпте әкiм құзыретiне кiретiн сұрақтар бойынша шешiмдер және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа актiлердi қабылдайды.

8. Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы және штаттық сан лимитi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекiтiледi.

9. Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң заңды мекенжайы: 150800, Қазақстан Республикасы, Солтүстiк Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесi, 56.

10. Коммуналдық мемлекеттiк органның толық атауы:

мемлекеттiк тiлде — «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

орыс тiлiнде — коммунальное государственное учреждение «Аппарат акима города Булаево района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области».

11. Осы Ереже «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтайшы құжаты болып табылады.

12. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкiмдiгi «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтайшы және өкiлеттi органы болып табылады.

13. Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн қаржыландыру қызметi аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.

14. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне оның қызметiне жататын, мiндеттердi орындау кезiнде кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қарым-қатынасқа түсуге тыйым салынады.

Егер «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен табыс әкелудi iске асыратын құқық берiлсе, онда мұндай қызметтен түскен табыстар мемлекеттiк бюджет кiрiсiне жiберiледi.

2. Коммуналдық мемлекеттiк органның негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары, қызметiнiң мақсаты мен мәнi

15. Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi қызметiнiң мақсаты мен мәнi — Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 38-бабы 1-тармағы негiзiнде, Булаев қаласы әкiмiнiң ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қызметiн жүзеге асыру.

16. Коммуналдық мемлекеттiк мекеменiң мiндеттерi:

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының негiзiнде, қала әкiмiнiң қаржыландыру-шаруашылық және материалдық-техникалық қызметiн, коммерциялық емес тұрғыда басқару қызметтерiн қамтамасыз етiп жүзеге асырады;

Булаев қаласы әкiмiнiң iс жүргiзу және құжаттамалық қызметiн, Булаев қаласы әкiмiнiң құқықтық қамтамасыз ету қызметiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметтiң актiлерiн, басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес басқа да қызметтердi атқарады.

17. Коммуналдық мемлекеттiк мекеменiң функциялары (қызмет мәнi):

1) «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 38-бабы 1-тармағы негiзiнде, Булаев қаласы әкiмiнiң қаржыландыру-шаруашылық және материалдық-техникалық қызметiн қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексiнiң талаптарына, «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңына, басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес кадрлық жұмыстарды өткiзу;

3) «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы негiзiнде Булаев қаласының, аудан, облыс әкiмдерiнiң жоғары өкiлдi және атқарушы органдардың шешiмдерiн және өкiмдерiн, қаулыларын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын және Президент жарлықтарын, Қазақстан Республикасының заңдарын орындауды бақылау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

4) «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi талаптарына сәйкес Булаев қаласы әкiмiнiң нормативтiк құқықтық және құқықтық актiлерiнiң жобаларын дайындау;

5) «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңы негiзiнде жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын, өтiнiштерiн, жүгiнулерiн тiркеу және қарау;

6) «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттiк Кодекс негiзiнде әкiмшi ретiнде мемлекеттiк мекеме болып, бюджеттiк бағдарламалар жобасын дайындау;

7) «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 1-тармағының 9) тармақшасы негiзiнде азаматтық қорғаныс, әскери қызмет және әскери мiндеттемелер туралы заңнаманы қадағалау, сондай-ақ жұмылдыру және жұмылдыруды дайындау мәселелерi жөнiнде Булаев қаласы әкiмiнiң құзыретi төңiрегiнде жұмыстарды ұйымдастыру;

8) «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 1-тармағының 12) тармақшасы негiзiнде үйде жұмысқа қабiлетi жоқ азаматтар мен жалғызбасты қарияларға қызмет көрсету бойынша атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде жоғары тұрған органдарға ұсыныс енгiзу, аз қамтылған тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

9) «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 1-тармағының 16) тармақшасы негiзiнде шаруашылық есептi жүзеге асырады;

10) «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 1-тармағының 18) тармақшасы негiзiнде Булаев қаласының аумағында орналасқан, мектепке дейiнгi тәрбие беру және оқыту ұйымдарының, мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;

11) «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекiтiлген тәртiпте мемлекеттiк қызмет көрсету;

12) «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 1-тармағының 22) тармақшасы негiзiнде кәсiпқойлық емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi;

13) спорт мекемелерiн материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдайды және көмек көрсетедi;

14) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкке сәйкес аумақтағы көпшiлiк демалыс орындарында жеке тұлғалардың тұрғылықты мекенжайы бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту үшiн жағдай жасайды;

15) гендерлiк саясатты жүргiзедi және қадағалайды, гендерлiк аспектiлердi қарайды.

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабына сәйкес жергiлiктi маңызы бар сұрақтарды шешу үшiн Булаев қаласы аумағында жергiлiктi қоғамдастық жиындары мен жиналыстарын өткiзедi.

18. Құқықтары мен мiндеттерi:

«Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң жүргiзуiне қатысты сұрақтар бойынша мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алмасуды жүргiзу;

қала әкiмiнiң құзыретiне кiретiн, мәселелер бойынша аудандық атқарушы органдардан қажеттi құжаттар, ақпарат сұрауға және алуға;

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35-бабы 1-тармағының 17 тармақшасы негiзiнде, қала әкiмiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша аудандық кеңестiк- кеңесшi органдардың, аудандық мәслихат және аудан әкiмдiгiнiң отырыстарына қатысу.

3. Коммуналдық мемлекеттiк мекеменiң қызметiн ұйымдастыру

19. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң басшылығы қала әкiмiмен, яғни «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердi жеке жауапкершiлiкпен орындайды және олардың қызметiн жүзеге асырады.

20. Қала әкiмi Қазақстан Республикасының Президентiмен анықталған тәртiппен, Мағжан Жұмабаев ауданының әкiмiмен қызметке тағайындалады және қызметiнен босатылады.

21. Қала әкiмiнiң орынбасары болады, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымына тағайындалады және босатылады.

22. Әкiм Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртiпте:

1) Мемлекеттiк мекеменiң лауазымды тұлғасы болып табылады және сенiмхатсыз оның атынан мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен жұмыс жасайды;

2) азаматтардың үндеулерiн, өтiнiштерiн, шағымдарын қарастырады, азаматтардың бостандығын және құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдайды.

3) салық және басқа да бюджетке мiндеттемелiк төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

4) әкiмнiң аппараты әкiмшiлiк ретiнде бюджеттiк бағдарламаларды тиiстi мәслихатпен бекiту үшiн жоғары тұрған әкiмдiкке дайындайды және енгiзедi;

4-1) бюджеттiк бағдарламаны дайындауда әкiмшiлiк ретiнде әкiм аппараты Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасына сәйкес аудан бюджетiнiң құрамында қарастырылған (облыстық маңызы бар қала) бағыттар бойынша жергiлiктi маңызы бар сұрақтарды қаржыландыру жөнiнде ұсыныстарды жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысында талқылауға шығарады;

5) азаматтармен және заңды тұлғалармен Қазақстан Республикасының нормаларын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметтiң заңдарын, актiлерiн, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн орындауға ат салысады;

6) өз құзыретiнiң төңiрегiнде жер қатынастарын реттеудi iске асырады;

7) қаланың мемлекеттiк тұрғын үй қорларын сақтауды, сонымен қатар қалада құрылыс, қайта құру, жөндеу және автомобиль жолдарын ұстауды қамтамасыз етедi;

8) шаруа (фермерлiк) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтiң дамуына жағдай жасайды;

9) өз құзыретiнiң шегiнде әскери қызмет және әскери мiндеттер туралы, жұмылдыру және жұмылдыруды дайындау сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларының орындалуын және ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi.

10) тарихи және мәдени мұраларды сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады.

11) аз қамтылған тұлғаларды айқындап, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамту бойынша, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

12) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

13) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

14) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара қарым-қатынас жасайды;

15) шаруашылық есептi жүзеге асырады;

16) жергiлiктi бюджеттi (нақтылау) бекiтуде аудандық мәслихат сессиясының жұмысына қатысады;

17) мектепке дейiнгi тәрбие беру және оқыту ұйымдарының, мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;

18) мектепке дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды жүргiзедi;

19) өз құзыретiнiң төңiрегiнде елдi мекендердi сумен қамтамасыз етуге және суды пайдалану сұрақтарын реттеудi ұйымдастырады;

20) елдi мекендердi санитарлық тазалау мен көгалдандыру, жарықтандыру, абаттандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

21) туысы жоқ адамдарды жерлеу және тиiстi жағдайда молаларды және басқа жерлеу орындарын ұстау бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

22) елдi мекендердiң жерлерiнде мал бағу орындарын анықтайды;

23) бас мемлекеттiк ветеринарлық-санитарлық инспектордың ұсынымы бойынша шектеу iс-шараларын және карантиндiк кестенi енгiзумен ветеринарлық кестенiң карантиндiк аймағын бекiту, ал тиiстi аймаққа жұқпалы аурулары бар жануарлардың кiрген жағдайында, оларды алып тастау туралы шешiмдер қабылдайды;

24) Қазақстан Республикасы Үкiметiмен бекiтiлген, тәртiпте ауылшаруашылық малдарына түгендеу өткiзуге қатысады;

25) пестицидтердi, улы химикаттарды арнайы қоймаларда (қорымдарда) және олардың ыдыстарын, мал көмiндiлерiн (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды, ауылшаруашылық жануарларын қолдан ұрықтандырудың мемлекеттiк пункттерiнiң қызметiне көмек көрсетедi;

26) агроөнеркәсiптiк кешен саласында және ауылдық аумақтарда жедел ақпарат жинауды және аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарына (әкiмдiктерге) ұсынуды жүзеге асырады;

27) ауылшаруашылық санақ өткiзуге қатысады;

28) шағын несиелеу бағдарламасына қатысу үшiн кiрiс деңгейi төмен тұлғаларды анықтайды;

29) «Агроөнеркәсiптiк кешендегi кәсiбi бойынша үздiк» конкурсын өткiзедi;

30) мемлекеттiк мекеме қызметкерлерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресiн қадағалауға жеке жауапкершiлiк жүргiзедi, жемқорлыққа қарсы күрес әрекетi бойынша шаралар қабылдайды;

31) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудi қамтамасыз етедi;

32) Қазақстан Республикасының аумағында кәсiби емес негiзде медиацияны жүзеге асыратын, кәсiпқойлық емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi.

33) бюджеттiк бағдарламаны дайындауда әкiмшiлiк ретiнде әкiм аппараты Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасына сәйкес аудан бюджетiнiң құрамында қарастырылған (облыстық маңызы бар қала) бағыттар бойынша жергiлiктi маңызы бар сұрақтарды қаржыландыру жөнiнде ұсыныстарды жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысында талқылауға шығарады;

34) тапсырылған аудандық коммуналдық мүлiктi мүлiктiк жалға алуға (жалға беру) келесi сатып алу құқығынсыз мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға бередi;

35) бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарға тапсырылған қызметтердiң басымды бағыттарын және мiндеттемелiк жұмыс көлемiн (қызметiн) анықтайды;

36) тапсырылған коммуналдық мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етедi;

37) аудандық коммуналдық заңды тұлғалармен берiлген басқаруды жүзеге асырады;

38) жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен бекiтiлген, аудандық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың басқаруына тапсырылған жылдық қаржылық есеп берудi келiседi;

39) коммуналдық қазыналық кәсiпорындардың басқаруына тапсырылған өндiрiлген және iске асырылған тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) баға белгiлейдi;

40) жергiлiктi бюджеттен аудандық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарға тапсырылған қаржыландырудың жеке жоспарларын бекiтедi;

41) кiрiс көздерiн қалыптастырады;

42) әкiмдермен жергiлiктi өзiн-өзi басқару қызметтерiн iске асыруға жолданған, ақша аудару үшiн тағайындалған, бюджеттi орындау бойынша орталық өкiлеттi органдарда жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың қолма-қол бақылау шотын ашуды қамтамасыз етедi;

43) жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған, бюджеттiк қаражаттың үнемделу есебiнен және (немесе) түсiмдерден еңбек шарты бойынша қызметкерлердi қабылдау;

44) Жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысында келiсiлгеннен кейiн жергiлiктi өзiн-өзi басқаруға түсетiн және жұмсалатын ақшалардың жоспарын бекiтедi;

45) Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасына сәйкес, олардың өкiмдерiнде қалатын, мемлекеттiк мекемелермен жүзеге асырылатын тауарлардан (жұмыстардан, қызметтерден) түсетiн және жұмсалатын ақшалардың жинақ жоспарын құрастырады және бекiтедi;

46) мүгедектерге көмек көрсетудi ұйымдастырады;

47) жастар тәжiрибесiн және әлеуметтiк жұмыс орындарын, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

48) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi және дене шынықтыру мен спорт бойынша уәкiлеттi органдармен бiрлесе мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шараларын ұйымдастырады.

49) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесе мәдени-көпшiлiк және ағартушылық iс-шараларын ұйымдастырады;

50) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;

51) халықтың әлеуметтiк осал топтарына қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi;

52) ерлер мен әйелдердiң тең құқығы мен мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiгi туралы заңнамаларды қадағалауды қамтамасыз етедi;

53) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған, тәртiпте Булаев қаласының аумағында жасалған, «Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiмен қарастырылған, әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы iстердi қарастырады және бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жазаға тартады;

54) қылмыстық-атқарушы инспекцияның сынамалық қызметiнде есепте тұрған, тұлғаларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және басқа да әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi;

55) қаланың тұрғын үй қорына түгендеу жүргiзедi;

56) аудан әкiмi мен жергiлiктi қоғамдастық жиының келiсiмi бойынша қаладағы апаттық үйлердi құлатуды ұйымдастырады;

57) мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң бағдарламалық құжаттары аясында тұрғындарға шағын несие алуға жәрдемдеседi;

58) «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн марапаттау және тәртiптiк жазаға тарту мәселелерiн шешедi;

59) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес кадр бойынша тиiстi есептердi беру арқылы бiрыңғай персонал қызметiн басқаруға (кадрлiк қызмет) бағынады;

59) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен iске асатын басқа да сұрақтарды шешедi.

Әкiм Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерi, басқа да нормативтiк құқықтық актiлерi негiзiнде нормативтiк-құқықтық тұрғыда, әкiмшiлiк- иелену, жедел және жеке сипаттағы сұрақтар бойынша шешiм шығарады.

Булаев қаласы әкiмiнiң құзыретi төңiрегiнде қабылдаған актiлер қаланың барлық әкiмшiлiк аумағында мiндеттемелiк күшiнде болады.

23. Булаев қаласы әкiмiнiң жоқ кезiнде өкiлеттiгiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға атқарады.

24. Қала әкiмi өз орынбасарының өкiлеттiгiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықтайды. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерi аппараттың әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерi болып табылады, олар қарастырылған заң тәртiбiнде қала әкiмiмен лауазымына тағайындалады және босатылады.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы, штаттық саны мен кестесi Қазақстан Республикасы Үкiметiмен бекiтiлген, лимиттер шегiнде, ауданның құрылтайшы әкiмдiгiмен бекiтiледi. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң штаттық кестесi Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкiмiмен бекiтiледi.

4. Коммуналдық мемлекеттiк мекеменiң мүлкi

25. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi шұғыл басқару құқығымен, заңнамамен қарастырылған жағдайларда оқшау мүлiк иеленуi мүмкiн.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi меншiк иесi тапсырған мүлiк есебiнен, сонымен қатар жеке қызметi және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен тыйым салынбаған басқа да көздерi нәтижесiнде сатып алынған мүлiктен (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) құралады.

26. Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк, аудандық коммуналдық меншiкке жатады.

27. Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз еркiмен оған бекiтiлген және қаржыландыру жоспары бойынша берiлген, қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi иелiктен шығаруға немесе басқа тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ, егер де заңнамен белгiленген болмаса.

5. Коммуналдық мемлекеттiк мекеменi қайта құру және жою

28. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiнiң тоқтатылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қайта құру (бiрiгу, қосылу, бөлiну, жаңадан құру, бөлiп шығару) және қысқарту түрiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.

29. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкiн тарату тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң Ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

30. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң Ережесiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асады.

7. Коммуналдық мемлекеттiк мекеменiң жұмыс кестесi мен өзара қарым-қатынасы

31. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiмен және өкiлеттi органның арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады және реттеледi.

32. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң әкiмшiлiгi мен оның еңбек ұжымының арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады.

33. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыс кестесiнiң уақыты «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыс регламентiмен орнатылады және Қазақстан Республикасының еңбек нормаларына қарама-қайшы болмауы тиiс.

Мақаланы құрған күні 13.02.2018 12:44

Мақаланы жаңартқан күні 13.02.2018 12:44

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz