Сыбайлас жемқорлыққа

Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларация туралы ақпарат

Ерлан Ермекұлы Әубәкіров — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласының әкімі.

2017 жылға арналған кірістер: айлық ақысы — 2 947 460 теңге.

Мүлік: Булаев қаласында жер учаскесімен тұрғын үй.

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы»

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 14 сәуiрдегi № 234 қаулысы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы»

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы»

Солтүстiк Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
Булаев қаласы әкiмiнiң
2017 жылғы 3 қарашадағы
№ 55 өкiмiмен бекiтiлген

«Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызметшiлерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы мiнез-құлқының стандарты

1. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызметшiлерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы мiнез-құлқының стандарты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10-бабына сәйкес әзiрленген және қоғамдық қатынас саласында аудан әкiмiнiң қызметiн ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыру барысында пайда болған сыбайлас жемқорлықты ескертуге бағытталған ұсынымдар жүйесiн ұсынады.

2. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызметшiлерiнiң (бұдан әрi — мемлекеттiк қызметшiлер) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мiнез-құлқын тұрақты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа кез келген көрiнiсiне төзбестiк ахуалына қол жеткiзу үшiн, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көрiнiсiн дер кезiнде анықтау және олардың терiс салдарын болдырмау үшiн арналған стандарт.

3. Стандарттың қағидаттары:

1) заңдылық;

2) ашықтық;

3) әдептiлiк;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көрiнiстернен қорғау;

5) мүдделер жанжалына жол бермеу болып табылады.

4. Лауазымдық өкiлеттiгiн атқару барысында мемлекеттiк қызметшiлер Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялар, қоғамдық бiрлестiктер және олардың органдары шешiмдерiмен байланысты болмайды.

5. Мемлекеттiк қызметшiлер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары аясында (соның iшiнде еңбек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi, мемлекеттiк қызмет туралы):

1) жеке және заңды тұлғалар құқығы мен заңды мүдделерiн iске асыру барысында қамтамасыз етедi:

азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу;

азаматтардың құқықтарын iске асырудың барынша минималды және заңды мүддесiн;

мемлекеттiк қызметтер стандарттарына және регламенттерiне сәйкес мемлекеттiк қызметтердi көрсету;

көрсетiлетiн қызметтi алушының шығу тегiне, әлеуметтiк, лауызымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, пiкiрiне, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайларға байланысты қандайда бiр кемсiтушiлiксiз тең қол жеткiзу;

жол берiлмейдi:

азаматтардың өтiнiштерiн қарау кезiнде оларға қатысты мәселенi объективтi шешуге мүдделiлiк бiлдiрмейдi деп пайымдауға негiз болған адамдарға тексеру жүргiзудi жүктеу жағдайларына;

өтiнiш берген немесе оның мүддесi үшiн өтiнiш берiлген адамға жеке және заңды тұлғалардың зиян келтiретiн өтiнiшiне;

шығымдарды iс-әрекеттерiне шағым жасалып отырған лауазымды тұлғалардың қарауына жiбермеуге;

азаматтардың келiсiмiнсiз олардың жеке өмiрi, жеке және отбасылық сыры туралы жариялау мүмкiндiгiне;

жеке тұлғаның жеке басы туралы өтiнiшке қатысы жоқ деректердiң анықталуына.

2) өз құзiретi шегiнде басқару және өзге де шешiм әзiрлеу және қабылдау кезiнде мыналарды қамтамасыз етедi:

барлық құрылымдық бөлiмшелер мен лауазымды тұлғалардың құзiретiнiң нақты шектелуiн айқындауды және келiсiп қызмет етудi;

лауазымдық өкiлеттiктi атқаруға қатысы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен тапсырмалар шығаруға жол бермеудi;

туыстық, жерлестiк және жеке адалдық белгiлерi бойынша кадрларды iрiктеу және орналастыру жағдайына жол бермеудi;

меритократия қағидаларын сақтауды;

қабылданған шешiмдердiң заңдылығына жеке жауапты болуды;

аудан әкiмiнiң аудан әкiмдiрiнiң және аудан әкiмi аппаратының қызметiн қамтамасыз ету;

аудан әкiмiнiң және әкiмдiктiң қаржы-шаруашылық және материалдық-техникалық қызметiн қамтамасыз ету;

қызметтiк жайлар, отырыс залдарын техникалық жабдықтау;

мемлекеттiк бағдарламалардың iс-шаралар жоспарын iске асыруды қамтамасыз ету;

жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң ақпараттануы бойынша жұмыстарын үйлестiру;

жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң ақпараттық жүйелерiн құру, енгiзу және iске қосу үрдiстерiн үйлестiру;

жергiлiктi атқарушы органдардың көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер ұсыну бойынша қызметiн үйлестiру;

қала әкiмнiң және Аппараттың қызметiн ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

жергiлiктi органдардың өкiлеттi және басқа да мемлекеттiк органдарымен өзара iс-қимылын үйлестiру;

мемлекеттiк қызметке арналған кадрлық потенциалды қалыптастыру;

мемлекеттiк сатып алулар ұйымдастыру және өткiзу рәсiмдерiн орындау;

жұмылдыру даярлағы, жұмылдыру, аумақтық қорғаныс пен терроризмге қарсы мәселелер бойынша мемлекеттiк, құқық қорғау органдары мен қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауды ұйымдастыру;

қала әкiмнiң және аппараттың қызметiн материалдық-техникалық және көлiкпен қамтамасыз ету.

3) нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын дайындаған кезде мыналарды қамтамасыз етедi:

нормативтiк құқықтық актiлердi осы актiнi қабылдау құзiретi Қазақстан Республикасының заңнамаларында тура қарастырылған жағдайда ғана қабылдауды;

азаматтар құқығын iске асыру жөнiндегi жобасын келiсу инстанциясының ең аз санын;

нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын даярлау кезiнде жемқорлық көрiнiстерiне жол бермеу.

4) күнделiктi қызметте:

мемлекеттiк қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенiмiн сақтайды және нығайтады;

жалпыға ортақ моральдық-әдептiлiк нормаларын сақтайды;

мемлекеттiк билiк беделiн қолдауды және Қазақстан Республикасын кемсiтушiлiкке қабiлеттi және мемлекетiк қызмет мүддесiне қарама қайшы келетiн әрекеттерге жол бермеудi, соның iшiнде сыбайлас жемқорлықтың көрiнуiне қарсы тұруды, мемлекеттiк қызметшiлер үшiн заңнамамен белгiленген тыйымдар мен шектеулердi қатаң сақтауды қамтамасыз етедi;

лауазымдық өкiлеттiгiн және олардың негiзiндегi беделiн жеке, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерiне пайдалануға әкелетiн әрекеттер жасауға жол бермейдi;

оларға мәлiм болған сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық жағдайлар туралы басшылықтың және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына тез арада жеткiзудi;

қажет болған жағдайда тiкелей басшысына мүдделер жанжалы, қызметтiк мiндеттерiн орындаған кезде жеке қызығушылық бiлдiру туындағаны туралы, сыбайлас жемқорлық жасауға және сыйлық алуға көндiру туралы мәлiметтi жеткiзедi;

әрiптестерге және басшыларға, олардың риясыз қызметтiк шешiм қабылдауға әсер ететiн, орнатылған өзара қарым-қатынас тәртiбiн бұзатын, құқықтық емес өтiнiшпен жүгiнбейдi;

қызметтiк өкiлеттiгiн орындауға байланысты сыйлық қабылдамайды және сыйламайды;

мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында таратуға жатпайтын қызметтiк және өзге де ақпаратты пайдаланбайды;

егер лауазым жақын туыстық (ата-анасы, жұбайы, ағасы-iнiсi, әпкесi-сiңлiсi, балалары) қатынаста тұрған адамдарға тiкелей бағыныстылыққа немесе олардың бақылауына байланысты болса, оған тағайындалудан бас тартады;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты ашуда белсендiлiк танытады;

өзiнiң тiкелей басшысына жазбаша түрде орындау үшiн алынған өкiмнiң дұрыстығына күдiк келтiрiлгенi туралы дереу хабарлайды;

жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдиниеттi сақтауды қолдайды;

мүдделер шиеленiсi, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және олардың салдарының ықтимал туындауының себептерi мен жағдайларын жою жөнiндегi шараларды тұрақты негiзде қабылдайды;

қызметтiк тәртiп пен қызметтiк әдептi сақтайды;

басшылыққа қатысты жеке берiлгендiкке, олардың қызметтiк мүмкiндiктерi есебiнен пайда және артықшылықтар алуға ұмтылуға жол бермейдi;

өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн азаматтық-құқықтық, тәртiптiк, әкiмшiлiк, қылмыстық жауапкешiлiкке тартылады.

6. Басшы:

өзiнiң мiнез-құлқымен бейтараптықтың, әдiлдiктiң, риясыздықтың, жеке тұлғалардың ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгiсi болады;

басшылықты жеке-дара өкiмшiлiк қызмет жолымен жүзеге асырады және қабылданатын шешiмдердiң заңдылығы үшiн жеке жауапты болады;

қарамағындағылардан лауазымдық өкiлеттiктерiнен тыс тапсырмалар орындауын талап етпейдi;

қарамағындағы қызметшi өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау барысында туындаған мүдделер шиеленiсiн реттеу жөнiндегi толыққанды шараларды уақытында қабылдайды;

сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiндегi толыққанды шараларды қабылдайды;

қарамағындағылармен құмар ойындарға қатысудан тартынады;

өзiнiң қарамағындағы қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың жай-күйiне және олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына жол бермеуге дербес жауапкершiлiкке тартылады.

Мақаланы құрған күні 13.02.2018 14:26

Мақаланы жаңартқан күні 28.12.2018 16:14

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz