Құрылым

Булаев қаласының әкімі
Қыраубаев Азамат Жаңбырбайұлы

А.Ж. Қыраубаев 1986 жылы 6 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Булаев қаласында туған. Білімі — жоғары, 2007 жылы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Мағжан Жұмабаев ауданы қаржы бөлімінің бас маманы болып бастаған, 2009 жылдың сәуірінен 2010 жылдың сәуіріне дейін ҚР Қарулы Күштерінің қатарында қызмет еткен. 2010 жылдың шілдесінен Мағжан Жұмабаев ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы экономика және қаржы бөлімінің компьютерлік техника операторы, Мағжан Жұмабаев ауданы жер қатынастары бөлімінің статистигі, бас маманы, 2014 жылдың наурызынан бастап 2020 жылдың 7 қазанына дейін Мағжан Жұмабаев ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып еңбек етті.

Үйленген, 3 баласы бар.

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 26 ө-ж/қ өкімімен 2021 жылдың 25 қаңтарынан бастап Булаев қаласының әкімі болып қабылданды» сөзіне ауыстырылсын.»

Булаев қаласы әкімінің орынбасары
Райымбеков Темур Әміразарұлы

Райымбеков Темур Әміразарұлы 1996 жылы 1 қарашада Өзбекстан Республикасы Үшқұдық қаласында туған. Білімі жоғары, 2018 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін құрылыс мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2018 жылы Мағжан Жұмабаев ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің хатшысы болып бастаған, 2019-2020 жылдары Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің көмекшісі, 2020-2021 жылдары Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің жедел мәселелері бойынша бас маманы болып еңбек еткен.

2021 жылдан осы тағайындауға дейін Мағжан Жұмабаев ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы лауазымын атқарған.

Булаев қаласы әкімінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 14 ж/қ өкімімен Булаев қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Әкім аппаратының құрылымы

Т.А.Ә.

Атқаратын лауазымы

Телефоны

1

Қыраубаев Азамат Жаңбырбайұлы

Әкім

2-14-46

2

Райымбеков Темур Әміразарұлы

Әкімнің орынбасары

21407

3

Еньшина Ирина Викторовна

Бас маман

21407

4

Середа Елена Ивановна

бас маман-бухгалтердің міндетін уақытша атқарушы

22632

5

Ахмеджанов Қуат Тәжіденұлы

Әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас маманы

21407

6

Бос орын

Құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы

21407

7

Бос орын

Жер мәселелері жөніндегі бас маманы

21407

2021 жылдың 2 тоқсанында Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкімінің, Булаев қаласы әкімі орынбасарының жеке және заңды тұлға өкілдерін жеке қабылдау кестесі

Мемлекеттік органның атауы

Азаматтарды қабылдауды жүргізетін тұлғаның Т.А.Ж.

Азаматтарды қабылдауды жүргізетін тұлғаның лауазымы

Азаматтарды қабылдауды жүргізудің күні мен уақыты

Мемлекеттік органның орналасқан жері

Байланыс телефоны

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкімінің аппараты» КММ

Қыраубаев Азамат Жаңбырбайұлы

Булаев қаласы әкімінің міндетін атқарушы

Айдың әр аптасындағы сәрсенбісі, сағат 14.30-дан 15.30-ға

Булаев қаласы, Пушкин көшесі, 14

21446

Райымбеков Темур Әміразарұлы

Булаев қаласы әкімінің орынбасары

Айдың әр аптасындағы бейсенбісі, сағат 14.30-дан 15.30-ға

Булаев қаласы, Пушкин көшесі, 14

21407

Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкімінің аппаратында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауға тіркеуді алдын ала жүргізуге жауапты қызметкердің телефоны - 87153121407

Мақаланы құрған күні 13.02.2018 12:43

Мақаланы жаңартқан күні 19.05.2021 12:12

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz