Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі

2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есеп

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйегіндегі №983 Қаулысымен (енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қоса алғанда) бекітілген мемлекеттік қызмет тізіліміне сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (одан әрі – Аппарат) 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді және 2020 жылдың ішінде Аппарат барлығы 141 мемлекеттік қызмет көрсетті (4 негізді бас тартулар қағаз түрінде), ал 2019 жылдың осы аралығында 140 мемлекеттік қызмет көрсетілген (7 бас тарту).

6 мемлекеттік қызметтің ішінде 2 мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы» МЕАҚ филиалы арқылы алуға болады.

1 мемлекеттік қызмет ақылы негізде ұсынылады, 5 мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Қағаз және (немесе) электронды нұсқада көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 5.

Бекітілген 6 стандарт бар.

2020 жылдың қорытындысы бойынша ең көп талап етілген қызмет - «Мемлекет меншігіндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқық алу» (126 қызмет), ал 2019 жылы - 127.

Мемлекеттік органда мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша қол жетімділік және ақпараттандыру мақсатында мекемеде көрнекті ақпараты бар (стандарттар, регламенттер, өтініштер үлгісі, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалардың Т.А.Ж.) стендтер орналасқан.

Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында Булаев қаласы әкімінің аппараты көрсететін мемлекеттік қызмет түрлері, стандарттар, регламенттер, өтініштер үлгісі бар «Мемлекеттік қызмет» тарауы жұмыс істейді.

Булаев қаласы әкімінің аппаратында орналасқан Ашық әкімдікте «бір терезе» қағидасы бойынша Булаев қаласы мен аудан тұрғындары өздерінің сұрақтарын бір жерде шешіп, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында электрондық үкімет порталы (ЭҮП) арқылы мемлекеттік қызметтермен алумен қатар, бір уақытта портал арқылы мемлекеттік қызметтер алу бойынша оқудан өте алады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету, қызмет ұсынушы мен қызмет алушының байланысын жою, қызмет алушылар арасында электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызмет санын арттыру мақсатында мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы ақпараттық кітапшалар таратылды.

2020 жылдың ішінде Аппаратқа мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өткізілген ішкі бақылау нәтижесіне сәйкес 2020 жыл ішінде қызмет көрсету мерзімін бұзушылық тіркелген жоқ.

Аппарат халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру және сапасын жақсарту мақсатында жұмыстар жалғасуда.

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебін жария талқылау хаттамасы

Булаев қаласы 21 сәуір 2021 жыл

Төрағалық етті: Булаев қаласының әкімі Қыраубаев А.Ж.

Қатысты: Булаев қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкері, Булаев қаласы әкімі аппаратының мамандары мен қызметкерлері, жергілікті қоғамдастық жиынының мүшелері.
Барлығы: 37 адам.

Күн тәртібінде:

1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі.

Булаев қаласы әкімі аппаратының бас маманы И.В. Еньшина есеп берді.

Есеп нәтижесі бойынша қатысушылардан сұрақтар түскен жоқ.

Осы Есепті талқылау қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар берілді:

  • мемлекеттік қызметтерді қолданыстағы заңнамаға және стандарттарға қатаң сәйкес көрсету;
  • «Электронды Үкімет» порталында көрсетілетін электрондық нұсқадағы қызметтерді арттыру бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу;
  • тұтынушыларды көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, соның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы» МЕАҚ филиалы арқылы және «Электронды Үкімет» порталында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттандыру, өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарының әлеуетін пайдалану (аудандық БАҚ, жергілікті тұрғындар жиыны, билборд ресімдеу және т.б.);
  • көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтауды қамтамасыз ету;
  • ішкі бақылау бойынша ақпараттың сапалы әрі уақытылы ұсынылуын қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік қызмет көрсетуге жасалған өтініштерді сапалы қарауды қамтамасыз ету, негізсіз бас тартуларды беруді жою, қызметалушылардың шағымдарын қарау кезінде сапалы әрі уақытылы қарауды қамтамасыз ету;
  • Жылына бір рет мүделлі органдар мен адамдарды шақырумен есептерді жария талқылау өткізу.

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің көрсететін мемлекеттік қызметтері

Мемлекеттік қызметтің атауы

 Стандарттары

1

Жер учаскесін бір жолғы немесе бөліп төлеу арқылы жекеменшікке сату

  (ZIP 15 Kb)

2

Жер учаскесін алуға кезекке қою

  (ZIP 15 Kb)

3

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

  (ZIP 15 Kb)

4

Елді мекен шегінде объект құрылысы үшін жер учаскесін беру

  (ZIP 16 Kb)

5

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу

  (ZIP 19 Kb)

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар
тізімі


р/н

Жауапты тұлғаның

Т.А.Ә.

Лауазымы

Байланыс телефоны

1

Байтасов Тілек Жаулыбайұлы

жер мәселелері жөніндегі бас маман

87153121407

2

Еньшина Ирина Викторовна

бас маман

87153121407

Мекеме жұмысының кестесі: Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден жұмаға дейін, қызмет көрсетушінің жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.


2020 жылдың 12 айы бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін мемлекеттік қызмет саласындағы ағымдағы жағдайы туралы талдамалық анықтама

2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет тізіліміне (енгізілген өзгерістер мен толықтырулар есебімен) сәйкес Қызмет көрсетуші «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (одан әрі – Аппарат) 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді және 2020 жылдың 12 айында Аппарат 141 мемлекеттік қызмет көрсетті, ал 2019 жылдың ұқсас кезеңінде 140 мемлекеттік қызмет көрсетілген болатын.

6 мемлекеттік қызметтің ішінде:

1 мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ филиалы арқылы алуға болады, 1 мемлекеттік қызмет ақылы негізде ұсынылады, 5 мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Қағаз және (немесе) электронды үлгіде көрсетілетін мемлекеттік қызмет саны – 6.

6 бекітілген стандарт бар.

Ең көп талап етілген қызмет – «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» 126 қызмет көрсетілді, 2019 жылы – 127.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сұрақтары бойынша халық үшін қолжетімділік пен ақпараттандыру мақсатында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесі бар ақпараттық стендтер (стандарттар, регламенттер, бекітілген жауапты мемлекеттік қызметшілердің ТАӘ) орналастырылған.

Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында мемлекеттік қызмет тізілімі, стандарты, регламенті орналасқан «Мемлекеттік қызмет» тарауы жұмыс істейді.

Булаев қаласы әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан «Ашық әкімдікте» қала тұрғындары өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында электронды үкімет порталы арқылы бір жерде «бір терезе» қағидаты бойынша өзінің мәселелерін шешіп, мемлекеттік қызмет ала алады және бір уақытта портал арқылы мемлекеттік қызмет алу бойынша оқудан өте алады. 2020 жылы Аппараттың өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында 128 адам қызмет алды. «Ашық әкімдіктің» ашылған уақытынан бері 2020 жылдың 3 айында оған 57 адам жүгінді.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету, қызмет көрсетуші мен қызмет алушының байланысын жою, электронды үлгіде көрсетілетін мемлекеттік қызмет санын арттыру мақсатында қызмет алушылар арасында мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы ақпараттық кітапшалар таратылды.

2020 жылдың ішінде Аппаратта көрсетілетін мемлекеттік қызмет алу сұрақтары бойынша қызмет алушылардан шағым түскен жоқ.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметке жүргізілген ішкі бақылау нәтижесіне сәйкес аталған кезеңде қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту мен тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

2019 жылға мемлекеттiк қызмет көрсету мәселесi бойынша «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласы әкiмi аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметi туралы есеп

«Мемлекеттiк қызметтер көрсету туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуiрдегi Заңына және Мемлекеттiк қазмет көрсету тiзiмiне сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылдың 18 қыркүйектегi №983 (енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды ескере отыра) қаулысымен бекiтiлген, 2019 жылы қызмет көрсетушi «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласы әкiмi аппараты» КММ-сi (одан әрi — Аппарат) 6 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi және барлығы осы кезең бойынша Аппаратпен 140 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi: жеке тұлға — 113, заңды тұлға — 27 қызмет.

6 мемлекеттiк қызметтен:

4 мемлекеттiк қызмет — электрондық үкiмет «Веб-портал» арқылы;

  • 1 мемлекеттiк қызмет ақы түрiнде көрсетiледi, 5 мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
  • электронды түрде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет көрсету саны — 1, қағаз және (немесе) электрондық түрде — 3, тек қағаз түрiнде — 2.
  • 6 бекiтiлген стандарт және 4 регламент бар.
  • Ең сұранысты қызмет — «Саудаларды (конкурстар, аукциондар) өткiзуге қажет етпейтiн, мемлекеттiк меншiгiндегi жер учаскелерiнiң құқығын алу» — 127 қызмет көрсетiлдi (жеке тұлға — 105, заңды тұлға — 22).

Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселесi бойынша халықты қолжетiмдiлiк пен хабарландыру мақсатында мемлекеттiк мекемелерде (стандарттар, регламенттер, өтiнiштердiң үлгiлерi, мемлекеттiк қызмет көрсетуге жауаптының аты-жөнi, тегi) көрнектi ақпарат стендтерi орналасқан.

Мемлекеттiк мекеменiң ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттiк қызмет көрсету» бөлiмi қызмет етедi, онда мемлекеттiк қызмет көрсету тiзiмi, стандарттары, регламенттерi орналасқан.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, қызмет берушiлер мен көрсетiлетiн қызметтi берушi арасындағы байланыстың алдын алу, электронды түрде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң санын арттыру мақсатында қызмет алушылар арасында мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпараттық брошюралар таратылды.

Аппаратта өзiне-өзi қызмет көрсету секторы құрылды, Булаев қаласының тұрғындары «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорация» КЕ АҚ филиалына бармай ақ, өздерi электронды үкiмет порталы арқылы қызмет алады.

Аппаратқа 2019 жылы мемлекеттiк қызмет көрсету мәселесi бойынша қызмет алушылардан арыз түскен жоқ.

Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн iшкi бақылау нәтижесiне сәйкес, осы кезең аралығында қызмет көрсету мерзiмiнiң бұзушылығы белгiленген жоқ.

Мемлекеттiк қызмет көрсетуiн ұсыну сапасын жақсартып және тиiмдiлiгiн жоғарлату бойынша жұмыстар жұргiзiледi.

Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмi аппаратының мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы қызметiнiң есебiн жария талқылау хаттамасы

22 қараша 2019 жыл Булаев қаласы

Төрағалық еттi: Булаев қаласы әкiмiнiң м.а. Ж.Е. Әбуов

Қатысты: Булаев қаласы әкiмi аппаратының мамандары мен қызметкерлерi, «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» Мағжан Жұмабаев аудандық филиалының қызметкерлерi, жергiлiктi қоғамдастық жиының мүшелерi.

Барлығы: 54 адам.

Күн тәртiбi:

1. Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмi аппаратының мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы қызметi туралы есебi.

Мемлекеттiк қызмет көрсетуге жауапты Булаев қаласы әкiмi аппаратының бас маманы И.В. Еньшина есеп бердi.

Есеп нәтижелерi бойынша қатысушыларда сұрақтар болған жоқ.

Аталған есептi талқылау қорытындысы бойынша келесi ұсыныстар берiлдi:

1. Мемлекеттiк қызмет көрсетуге жауапты бас маман:

- өткен жылмен салыстырғанда электронды мемлекеттiк қызмет үлесiн 20% арттырсын;

- өткен жылмен салыстырғанда қағаз түрiнде көрсетiлген альтернативтi мемлекеттiк қызмет үлесiн 30% төмендетсiн;

- электронды мемлекеттiк қызмет алу артықшылығын түсiндiретiн үнпарақтар, бүктемелер тарату бойынша жұмыстарды жалғастырсын.

Мерзiмi: ұдайы.

2. Меморган мамандарына:

- «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, бекiтiлген стандарттар мен регламенттерiн жете зерттесiн, оларға енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларға тұрақты мониторинг жүргiзсiн;.

- стандарттар мен регламенттерге сәйкес белгiленген мерзiмде мемлекеттiк қызмет көрсетiлсiн;

- стандарттар, регламенттер және нормативтiк құқықтық актiлер арасында құқықтық қайшылықтар анықталған жағдайда, оларды жою бойынша жұмыстар жүргiзсiн.

Мерзiмi: ұдайы.

3. Осы хаттаманы орындауды бақылау әкiмнiң орынбасары Ж.Е. Әбуовке жүктелсiн.

Булаев қаласы әкiмiнiң м.а. Ж. Әбуов

2018 жылдағы мемлекеттік қызмет көрсету сұрағы бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есебі

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына және 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, мемлекеттік қызмет тізіліміне сәйкес (енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды есепке ала), 2017 жылы қызмет көрсетушімен «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкімінің аппаратымен» КММ (бұдан әрі-Аппарат) 5 мемлекеттік қызмет көрсетілуде және барлығы 2018 жылы Аппаратпен 133 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

5 мемлекеттік қызметтен:

  • 4 мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы арқылы алуға болады,
  • 1 мемлекеттік қызмет ақылы түрде беріледі, 4 мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі,
  • көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны қағаз түрінде және (немесе) электрондық түрде — 4, ал қағаз түрінде — 1.

Бекітілген 4 стандарт пен регламент бар.

Жыл қортындысы бойынша ең көп көрсетілетін қызмет түрі — «Сауда өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншікте орналасқан, жер учаскелеріне арналған құқықты сатып алу (конкурстар, аукциондар)» — 107, негіздемесімен бас тартылған қызмет саны — 8.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қол жетімділік мақсатында мемлекеттік мекемеде көрнекі ақпарат ілінген стенд орналасқан (стандарттар, регламенттер, өтініш үлгілері, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауаптының Т.А.Ә.).

Мемлекеттік органның «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтер тізілімі, стандарттар мен регламенттер орналасқан ресми интернет-ресурсы қызмет істейді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ашықтығын, қызмет берушімен қызмет алушының байланысынан басқа, электрондық нысанда көрсетілетін, мемлекеттік қызмет санының өсуін қамтамасыз ету мақсатында қызмет алушылардың арасында мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі туралы ақпараттық брошюралар таратылды.

Аппаратта өзін қызмет көрсету секторы құрылған, яғни Булаев қаласының тұрғындары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалына бармай ақ, өз еркінше электрондық үкімет порталы арқылы қызмет ала алады.

2018 жылы Аппаратқа мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша қызмет алушылардан шағымдар келіп түскен жоқ.

Мемлекетік көрсетілетін қызметті ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2018 жылы қызмет көрсету мерзімінде бұзушылықтар тіркелген жоқ.

2019 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту және тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

Булаев қаласының әкімі
Е. Әубәкіров

2017 жылы мемлекеттiк қызмет көрсету сұрақтары бойынша «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметi туралы есеп

2013 жылғы 15 сәуiрдегi «Мемлекеттiк қызметтер туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi № 983 қаулысымен бекiтiлген, Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiне сәйкес (енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды ескере отырып), 2017 жылда «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiмен (бұдан әрi — Аппарат) 5 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi және 2017 жылы барлығы Аппаратпен 123 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.

Көрсетiлген 5 мемлекеттiк қызмет iшiнде:

4 мемлекеттiк қызмет «Азаматтар үшiн үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы коммерциялық емес акционерлiк қоғамы арқылы жүргiзiледi.

Оның iшiнде: 1 мемлекеттiк қызмет тек қана мемлекеттiк органдар арқылы көрсетiлсе, 4 қызметтi «Азаматтар үшiн үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы алуға болады.

1 қызмет ақылы, 4 мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi,

Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны электронды түрде — 4, қағаз түрiнде — 1.

4 бекiтiлген стандарт және регламент бар.

Жылдың қортындысы бойынша ең сұранысқа ие болғаны «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу» (107 қызмет).

Мемлекеттiк қызмет көрсету сұрақтары бойынша халыққа қол жетiмдiлiк және ақпараттық мақсаттар үшiн Аппаратта көрнекi ақпараты бар (стандарттар, регламенттер, өтiнiш үлгiлерi, мемлекеттiк қызмет көрсететiн жауаптылардың Т.А.Ә.) стенд орналасқан.

Аппараттың ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттiк қызмет» бөлiмi жұмыс көрсетедi, мұнда Аппаратпен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет тiзiлiмi, стандарттар, регламенттер, көрсетiлетiн қызмет тiзiмi орналастырылған.

Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, қызмет көрсетушiмен қызмет алушының байланысын қоспағанда, көрсетiлетiн электрондық түрдегi мемлекеттiк қызметтердiң санын өсiру үшiн, мемлекеттiк қызметтi алу тәртiбi туралы ақпараттық кiтапшалар таратылды.

Аппарат маманы «E-gov» порталына арналған машықтарға үйрену және «Азаматтар үшiн үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы коммерциялық емес акционерлiк қоғамының аудандық филиалында электрондық түрде мемлекеттiк қызмет алу бойынша семинарға қатысты, мемлекеттiк қызмет көрсету сұрақтары бойынша бiлiктiгiн арттыру курсын өттi (2017 жылдың мамырында). Аппараттағы жауапты маман көрсетiлетiн мемқызметтер аясында заңнаманы қадағалау және олардың көрсетiлетiн мерзiмдерiнде бұзушылықтар жiбермеу бойынша әңгiмелерде Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмiнiң аппаратында өткiзiлiп тұратын семинарлық кеңестерге тұрақты түрде қатысып отырды.

Аппаратта өзiне-өзi қызмет көрсететiн сектор құрылған, мұнда Булаев қаласының тұрғындары «Азаматтар үшiн үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының филиалына бармай ақ, өз бетiнше электрондық үкiмет порталы арқылы қызмет ала алады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сұрақтары бойынша 2017 жылы қызмет алушылардан шағымдар келiп түскен жоқ.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң iшкi бақылау нәтижелерiне сәйкес, 2017 жылы көрсетiлетiн қызметтердiң мерзiмiнде бұзушылықтар тiркелген жоқ.

Халыққа көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасын жақсарту және тиiмдiлiгн арттыру мақсатында 2018 жылы уақытылы және сапалы көрсетiлетiн қызметтер бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету туралы мәліметтер

№ п/п Мемлекеттік қызметтің атауы Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі Стандарт Регламент
1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі Мемлекеттік корпорация, МО
2. Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері Мемлекеттік корпорация, МО
3. Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері МО, «электрондық үкіметтің» веб-порталы    
4. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері МО    

2015 жылғы мемлекеттiк қызмет көрсету сұрақтары бойынша «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ қызметi туралы есеп

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi «Мемлекеттiк қызмет туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйегiндегi №983 Қаулысымен (енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды қоса алғанда) бекiтiлген мемлекеттiк қызмет тiзiлiмiне сәйкес «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (одан әрi — Аппарат) 2015 жыл iшiнде 2 мемлекеттiк қызмет көрсеттi:

  1. Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгерту шешiмiн беру;
  2. Елдi мекен шекарасында нысан құрылысы үшiн жер учаскесiн беру.

Екi мемлекеттiк қызметтiң iшiнен «Елдi мекен шекарасында нысан құрылысы үшiн жер учаскесiн беру» мемлекеттiк қызметi ақылы болып табылады.

2015 жылы «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ барлығы 85 мемлекеттiк қызмет көрсеттi, соның iшiнде 23 қызмет — мемлекеттiк орган арқылы, ал 62 қызмет — халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы ұсынылды.

2015 жылдың қорытындысы бойынша ең көп талап етiлген қызмет — «Елдi мекен шекарасында нысан құрылысы үшiн жер учаскесiн беру» (50 қызмет).

Мемлекеттiк органда мемлекеттiк қызмет көрсету сұрақтары бойынша қол жетiмдiлiк және ақпараттандыру мақсатында мекемеде көрнектi ақпараты бар (стандарттар, регламенттер, өтiнiштер үлгiсi, мемлекеттiк қызмет көрсетуге жауапты тұлғалардың Т.А.Ж.) стендтер орналасқан. Мемлекеттiк органның ресми интернет-ресурсында Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты көрсететiн мемлекеттiк қызмет түрлерi, стандарттар, регламенттер, өтiнiштер үлгiсi бар «Мемлекеттiк қызмет» тарауы жұмыс iстейдi.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң iшкi бақылау нәтижесiне сәйкес 2015 жыл iшiнде қызмет көрсету мерзiмiн бұзушылық тiркелген жоқ. Сондай-ақ 2015 жылы «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ-iне мемлекеттiк қызмет көрсету сұрақтары бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

2016 жылы халыққа қызмет көрсетудiң тиiмдiлiгiн арттыру және сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттiк қызметтi сапалы әрi уақытылы көрсету бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

2014 жылға мемлекеттiк қызмет көрсету сұрақтары бойынша «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметi туралы есеп беру

2013 жылға және 2014 жылдың 1 тоқсанындағы мемлекеттiк қызмет көрсету сұрақтары бойынша «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметi туралы есеп беру

Мақаланы құрған күні 13.02.2018 12:54

Мақаланы жаңартқан күні 01.06.2021 10:00

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz